Еуропа Одағы Ресейге жаңа санкция жасайды

Саммиттің қорытынды хаттамасына қарағанда Мәскеу әкімшілігінің шабуылдары қатал түрде айыпталды.

1785148
Еуропа Одағы Ресейге жаңа санкция жасайды

Еуропа Одағы лидерлері кезектен тыс саммитте Ресейге қарсы қаржы, энергия, қатынас, экспорттың бақылауы, виза саясаты, "Орыс алпауыттары" мен отбасындағыларын нысанаға алған қосымша санкцияларды қабылдады. 

Еуропа Одағы мүше елдерінің лидерлері кезекті төраға Францияның президенті Эммануэль Макронның талабы және Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишельдің үндеуі бойынша Бельгияның астанасы Брюссельде жедел күн тәрітппен бас қосты. 

Саммиттің қорытынды хаттамасына қарағанда Мәскеу әкімшілігінің шабуылдары қатал түрде айыпталды. 

Лидерлер Украинадағы шабуылдардың жауапкершілігінің Ресейге тән екенін айтса, Мәскеуге барлық әскери әрекеттерін тоқтату, барлық қарулы күштерін шартсыз түрде кері шегеру жайлы үндеу тастады. 

Саммит аяқталғанда Эммануэль Макрон, Еуропа Одағы комиссиясының төрағасы Урсула фон дер Ляйен және Чарльз Мишель ортақ баспасөз жиналыс өткізді. 

 



Ұқсас жаңалықтар