Сауд Арабиясынан Израильге Палестина шарты

Сауд Арабиясы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін Израильмен Палестина мәселесін шешуді шарт етті.

1782277
Сауд Арабиясынан Израильге Палестина шарты

Сауд Арабиясы Израильмен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру үшін Палестина мәселесін шешуді шарт етті.

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Файсал ибн-Фархан Германия өткен Халықаралық Мюнхен Қауіпсіздік конференциясында Израильде еврей тілінде жарияланатын "Маарив" газетіне мәлімдеме жасады.

Файсал ибн-Фархан Израиль мен Палестина арасында «әділ бір шешімге қол жеткізудің» елінің Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуының алғы шарты екенін атап көрсетті. Сауд министр «Біздің басымдылығымыз - израильдіктер мен палестиналықтардың бірге отырып, жұмыс істей алатын бейбітшілік процесін бастауы. Бұл Израильмен байланысы жоқ барлық елдер үшін жұмысты жеңілдетеді. Біз үшін бұл әділ шешім (Израильмен қалыпқа келтіру) жүзеге асқан кезде болады» деді.

Израиль мен Палестина арасында саяси бір кемшіліктің аймақта экстремистік көзқарастарды арттыратынын бағалаған ибн-Фархан «Израильдің аймаққа интеграциясы тек Израильге ғана емес, бүкіл аймаққа үлкен үлес қосады» деді.

Парсы шығанағында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Бахрейннің Израильмен қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру туралы келісімге қол қойғаннан кейін назарлар Эр-Риядқа ауған еді.

Сауд Арабиясы Израиль мен БАӘ арасындағы коммерциялық және дипломатиялық рейстер үшін әуе кеңістігін ашып, дипломатиялық жеңілдік жасаған болатын. Дегенмен басқа шығанақ елдерінен айырмашылығы Израильмен ашық түрде дипломатиялық қарым-қатынас орнатудан бас тартқан еді.



Ұқсас жаңалықтар