Зимбабве Ковид-19 кезінде жабылған шекараны ашты

15 миллион жан саны бар елде қазірге дейін халықтың 28 пайызына кемінде бір компонент вакцина салынды.

1779968
Зимбабве Ковид-19 кезінде жабылған шекараны ашты

Оңтүстік Африка елдерінен Зимбабве жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті басталғаннан бері жабық болған құрлық шекарасын қайта ашты.

Үкіметтің мәлімдемесінде оқиға саны азайғаннан кейін барлық шекара қақпалардан өтуге рұқсат берілгені білдірілді.

Елге кіргендерге Ковид-19 вакцина құжаты немесе сынама құжатын көрсету керек екені білдірілген мәлімдемеде індетке қарсы сақтық шараларының жалғасқаны хабарланды.

2020 жылы наурызда шекараларды толық жапқан Зимбабве 2020 жылы желтоқсанда шекараларды тек қана жүк тасымалына ашқан болатын.

Шекара қақпаларының жабылуымен Оңтүстік Африка мен осы ел арасында жұмыстанған саудагерлер зиян тартқан болатын.

15 миллион жан саны бар елде қазірге дейін халықтың 28 пайызына кемінде бір компонент вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар