Ирактағы зымыран шабуылында 2 адам жарақат алды
Мәжіліс төрағасы Халбусидің дүниеге келген жері Гарма ауданына 3 зымыранмен лаңкестік шабуыл ұйымдастырылды.
1768305
Ирак Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Халбуси тұратын ғимараты орын алған Енбарға қарасты Гарма ауданына жасалған зымыран шабуылында 2 адам жарақат алды.
Ирак үкіметіне қарасты Қауіпсіздік медиа желісінен жасалған мәлімдемеде "Мәжіліс төрағасы Халбусидің дүниеге келген жері Гарма ауданына 3 зымыранмен лаңкестік шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылдан кейін жолдан өтіп бара жатқан 2 адам жарақат алды" деп көрсетілді.
Жергілікті баспасөзде шыққан хабарларға қарағанда зымыранның біреуі Халбусидің ғимаратының маңына түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Кенияда су бөгеті құлап 42 адам қаза тапты
Кенияда «Old Kijabe» су бөгетінің құлауы салдарынан 42 адам қаза тапты.