Ковид-19-ды асқындырған ген анықталды

Польшадағы Белосток университеті зерттеуінде Ковид-19 індетінің ауыр болу қаупін екі есе арттыратын бір ген анықталды.

1762712
Ковид-19-ды асқындырған ген анықталды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің ауыр болу қаупін екі есе арттыратын бір ген табылды.

Польшадағы Белосток университеті басшылығында жасалған зерттеуде 1500 Ковид-129 науқасқа 18 ай бойынша бақылау жасалды.

Зерттеу аясында Ковид-19 індетін ауыр өткізу қаупін екі есе арттыратын бір гендік нұсқа анықталды. Мамандар бұл геннің басқа себептермен бірге қатты қауіптегілерді ерте байқауға жәрдемші болатынын білдірді.

Зерттеушілер еуропалықтардың 10 пайызында, Оңтүстік азиялықтардың төрттен бірінен көбінде осы ген болғанын жеткізді.

Белосток университетінің мәлімдемешісі індет басталғаннан бері жастары ұқсас болғанына қарамай кейбір адамдарда жеңіл болған вирустың кейбіреулерде неліктен өте ауыр болуын анықтауға талпынғандарын айтып:

"Осы зерттеу арқылы болмысты толық анықтауға жақындадық" деді.



Ұқсас жаңалықтар