Иран мемлекет басшысы ядролық келіссөздерді бағалады

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси мемлекеттік телеарнаға сұхбат берді.

1743509
Иран мемлекет басшысы ядролық келіссөздерді бағалады

Иран Мемлекет басшысы Ибрахим Реиси өз жұмыстарын ядролық келісімге сәйкес жүргізіп жатқандарын және осы үшін қарсыластарына екі жоба ұсынғандарын айтты.

Рейси мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында санкцияларды алып тастау және залалсыздандыру үшін екі бөлек бөлімше құрғандарын және мәселенің үкіметтің күн тәртібінде екенін атап «Екінші тарап бізді келіссөзге қатыспайды деп ойлады. Оларғка қарағанда айтар сөзіміз жоқ болатын. Ешқандай шара қолданбаймыз деп ойлады. Иран келіссөздерге белсенді түрде қатысып, 2 жобаны ұсынды. Ядролық келісім бойынша қозғаламыз. Жұмыс дәл ядролық келісімге сәйкес жүргізілуде» деді.

Реиси ел экономикасы мен жаңа жылдық бюджетті ядролық келісімге байланыстырмайтындарын атап көрсетті.

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Саид Хатибзаде Австрияның бас қаласы Венадағы ядролық келіссөздердің демалыс күндері қайтадан басталатынын білдірді.

Хатибзаде «Келіссөздерді екінші тарапқа ұсынған жобалар бойынша жүргіземіз. Ешқандай уақытша немесе сатылы түрде бір келісім жоқ. Екінші тарап Иран ұсынған мәтінге қарсылық білдірмеді, олар тек баға беру керектігін және сұраныстарымыздың барлығын орындай алмайтындарын айтты» деді.

Хатибзаде келіссөздердің аяқталмағанын, тек үзіліс берілгенін еске салып, қажет жағдайда жаңа ұсыныс жобаларын ұсынуға болатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар