НАТО әскери жаттығуы басталды

Апта бойынша жалғасатын жаттығуға НАТО-ның 14 елінен ондаған соғыс ұшағы мен көптеген қызметкер қатысуда.

1721294
НАТО әскери жаттығуы басталды

НАТО Оңтүстік Еуропада 14 одақтас елден арасында ядролық қаруларға ие болғандарды қамтыған ондаған соғыс ұшағының қатысуымен әскери жаттығу бастады.

НАТО-дан жасалған мәлімдемеде бүгін басталған "Steadfast Noon" (Шайқалмас шың) деген тақырыптағы әскери жаттығу НАТО-ның еуропалық одақтастарының қорғанысына бағытталған зерттеу ерекшілігінде екені хабарланды.

Апта бойынша жалғасатын жаттығуға НАТО-ның 14 елінен ондаған соғыс ұшағы мен көптеген қызметкер қатысуда.

Жыл сайын басқа бір мүше ел үй иесі болатын жаттығуға ядролық күшке ие  қос қабілетті соғыс ұшақтарымен бірге дәстүрлі ұшақтар қатысты. Осы ұшақтарға бақылау мен жанармай тасымалдау ұшақтары да қолдаушы болуда. Жаттығуда нақтылы атыс болмайды.

НАТО:

"Аталмыш жаттығу қалыпты, қайталанған бір білім беру іс-шарасы және әлемде болған әрқандай бір оқиғамен байланысы жоқ" деген мәлімдеме жасады.

Жаттығу НАТО-ның ядролық тежеуді қауіпсіз және әсерлі жалғастыруына жәрдемші болатыны білдірілген мәлімдемеде маусымда Бельгия бас қаласы Брюссельде ұйымдастырылған НАТО саммитінде жарияланған мәлімдемеде одақтас елдер лидерлері НАТО-ның ядролық мүмкіндіктерін қорғаудың басты мақсаты бейбітшілікті қорғау, қақтығыстарды тосу және шабуылшылықтың бетін қайтару екені  жазылғаны ескертілді.

Мәлімдемеде лидерлер саммитінде "Еуропадағы қауіпсіздіктің шайқалғаны ескерілгенде  сенімді және береке-бірліктегі ядролық одақтастықтың өте маңызды екені" жазылғаны да ескертілді.



Ұқсас жаңалықтар