"Түркия мен түрік байрағы бейтараптықтың символы"

АҚШ-тық саясаттанушы Орталық Азия, Кавказ және Ауғанстанда түрік ынтасының артып келе жатқанын білдірді.

1708122
"Түркия мен түрік байрағы бейтараптықтың символы"

"Дуглас пен Сарах Эллисон" атындағы сыртқы саясат орталығының директоры, американдық саясаттанушы Люк Коффи Орталық Азияда, Кавказда және Ауғанстанда түрік ынтасының артып келе жатқанын білдірді.

Люк Коффи Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 76-шы Бас Ассамблеясы аясында Президенттік Коммуникация басқармасына жасаған бағалауында Түркияның ықпалының Орталық Азия, Кавказ және Ауғанстанда соңғы бес-алты жылда артқанына баса назар аударып, қарым-қатынастағы қазіргі қиындықтарға қарамастан Түркияның одақтастығы және НАТО-да алатын орнының Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) үлкен пайда әкелгенін тілге тиек етті.

Коффи Түркия мен Америка Құрама Штаттарын біріктіретін элементтердің бөлетіндерден көбірек екенін айтып, Түркияның Ауғанстандағы рөлі туралы «Ауғанстан әңгіме болғанда Түркия Ауғанстанда АҚШ үшін ең аз рөл атқара алады. Талибанға қарсы АҚШ-тың мүдделерін қолдай алады немесе бұларды жеткізу тақырыбында шағын үлес қоса алады. Айталық кепілдікке алу немесе гуманитарлық көмек жеткізу қажет болса, Түркия Талибанмен үйлестіре алады, себебі менің ойымша барлық тараптар Түркияны Ауғанстандағы бейтарап делдал ретінде көреді. Сіз Талибан әлде көтерілісшіл қозғалысты қолдайсыз ба немесе шынымен де алға ұмтылғысы келген тұлғасыз ба, менің ойымша Түркия мен түрік байрағы бейтараптықтың символы болып табылады. Түркия бейтарап делдал ретінде қабылданады және бұл АҚШ пен Ауғанстан халқына пайда әкелуі мүмкін» деді.



Ұқсас жаңалықтар