АҚШ әкімшілігі Тайваньға қару саудасын бекітті

Bloomberg-тің хабарына қарағанда АҚШ Сыртқы істер министрлігі Конгресске мағлұмат берді.

1685861
АҚШ әкімшілігі Тайваньға қару саудасын бекітті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден әкімшілігі Тайваньға 750 миллион доллар болатыны жоспарланған алғашқы қару саудасын бекітті.

Bloomberg-тің хабарына қарағанда АҚШ Сыртқы істер министрлігі Тайваньға жасалатын қару саудасы туралы Конгресске мағлұмат берді.

Байден әкімшілігі бекіткен қару-жарақ келісіміне қарағанда АҚШ Тайваньға құны 750 миллион доллар тұратын 40 жаңа M109 моторлы гаубицасы мен 1700 дәлдік нұсқау жиынтығын сатады.

Бұл шешімнің «Тайваньның Қытайдың ажырамас бөлігі екенін» атап көрсеткен Пекиннің ашуын тудыру күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар