Жапония вакцина төлқұжатын беру процесін бастады
Бұл сертификат ресми құжат болып есептеледі.
Жапония коронавирусқ қарсы толықтай вакцина алған азаматтарға «вакцина төлқұжаты» деп аталатын сертификатты беру үшін өтінім қабылдай бастады.
Kyodo агенттігінің хабарына қарағанда Жапонияда халықаралық саяхат шарттарын жеңілдету мақсатымен ковид вакциналарын толық салғызған азаматтарға сертификат бері процесі басталды.
Сертификаттарды жергілікті әкімшіліктер береді. Тегін берілетін құжатта аты-жөні, төлқұжат нөмірі, вакцина салынған уақыт орын алады. Бұл сертификат ресми құжат болып есептеледі.
Сертификаттың 21 шілдеден бастап Италия, Австрия, Түркия, Болгария және Польшада ковидке қарсы карантин шарттарын жеңілдететіні айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Путин Қытайға барады
Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.
Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда
Индонезия Ұлттық Апатпен күрес агенттігі елдегі соңғы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.