Италия премьер-министрі Драгидің сөздеріне наразылық

Италия премьер-министрінің Ердоғанды нысанаға алған сөздеріне саясат қайраткерлерінен үлкен наразылық келді.

1617846
Италия премьер-министрі Драгидің сөздеріне наразылық

Италия премьер-министрі Марио Драгидің президент Режеп Тайып Ердоғанға бағытталған сөздеріне саясат қайраткері үлкен наразылық көрсетті.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Италияның бейшаралықтан премьер-министр болып тағайындаған бұл тұлғаның Түркияға және президентімізге бағытталған жағымсыз сөздерін қабылдамаймыз және өзіне қайтарамыз. Тәжірибесіз және мінезі нашар саясаткер өз елінің мойынындағы ауыр және бақытсыз бір жүк болып табылады» деді.

Вице-президент Фуат Октай әлеуметтік медиа аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде болса «Өмір бойы өз елі мен ұлтының мүддесін ойлайтын, фашизм мен барлық түрлеріне қарсы шығатын, кірген әр сайлауда өз халқының жоғары ықыласымен жеңіске жеткен құрметті президентіміз туралы премьер-министр Драгидің әдепсіз сөздерін айыптай отырып, оны кешірім сұрауға шақырамын» деді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын әлеуметтік медиа арқылы жасаған хабарламасында «Еуроодақ кеңесі төрағасы Мишель протокол қабылдау тәртібінде Түркиядан туындаған қандай да бір проблеманың болмағанын мәлімдегенде, Италияның тағайындалған премьер-министрі Драгидің президентімізге бағытталған сөздері әдепсіз және негізсіз. Бұл сөздерді айыптаймын және түзетілуін күтеміз» деді.

Президенттік аппараттың коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан итальян тілінде жасаған хабарламасында «Италияның тағайындалған премьер-министрі түрік ұлтының 52 пайыз дауысын жинап президент сайланған құрметті Режеп Тайып Ердоғанға «диктатор» деп шегінен шықты. Демократияда орны жоқ бұл әдісті айыптамыз. Диктатор іздейтіндер Италияның тарихына көз жүгіртсін» деді.



Ұқсас жаңалықтар