Ливияда еркін және әділ сайлау маңызды

Гринфильд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Ливия отырысында сөз сөйледі.

1608479
Ливияда еркін және әділ сайлау маңызды

Америка Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас Гринфильд Ливияда түбегейлі бейбітшілік үшін бірлік,  ашықтық, еркін және әділ шешім керектігін айтты.

Гринфильд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Ливия отырысында сөз сөйледі. Ол Ливиядағы саяси процесте соңғы алты айда үлкен жетістік болғанын айтты. АҚШ өкілі түбегейлі бейбітшілік үшін бірлік, ашықтық,  еркін және әділ сайлау керектігін атап көрсетті. Ливияның біріккен бір бюджетінің болмауының болса уайым туғызатын жағдай екенін айтқан Гринфильд жаңа уақытша үкіметтің Ливия халқының сенімін алуы үшін негізгі мұқтаждықтарды қамдауы керектігін атап көрсетті.

Ол жаңа уақытша үкіметті ашықтыққа және жемқорлықты жоюға шақырды. Ливияда басты мақсаттың 24 желтоқсан күні еркін және әділ сайлау өткізу екенін баса айтты.

АҚШ өкілі сонымен бірге Ливиядағы сыртқы күштерді атысты тоқтатуға, әскери килігуді доғаруға және Ливиядан кетуге шақырды.

 



Ұқсас жаңалықтар