Венгрия CanSino және Covishield вакциналарын мақұлдады

Венгрия Қытайдан 5 миллион, Ресейден 2 миллион доза Ковид-19 вакцинасын сатып алуға келісті.

1606265
Венгрия CanSino және Covishield вакциналарын мақұлдады

Венгрия Денсаулық сақтау қызметтері директоры Сесилия Мюллер елде жаңа типті короанвирус (Covid-19) індетіне қарсы жетілдірілген CanSino және Covishield  вакциналарына мақұлдау берілгенін айтты.

Сесилия Мюллер елдің білікті ұйымдары тарапынан жасалған шешіммен Үндістан Иммундық Сарысу институты "CoviShield" жергілікті атымен өндірген AstraZeneca вакцинасымен бірге, Қытайдың дәрі компаниясы CanSino вакцинасының Венгрияға әкелінетінін хабарлады.

Венгрияда індеттің үшінші толқыны күшті өткенін және қазірге дейін венгрлердің 16 пайызына вакцина егілгенін айтқан Мюллер тек құтылу жолының вакцина екенін білдірді.

Ресей және Қытаймен вакцина келісімін жасаған тұңғыш Еуроодақ елі болған Венгрия Pfizer, Moderna, AstraZeneca, Sputnik V және Sinopharm вакциналарын қолдануды да мақұлдаған.

Венгрия Қытайдан 5 миллион, Ресейден 2 миллион доза Ковид-19 вакцинасын сатып алуға келісті.   



Ұқсас жаңалықтар