YPG/PKK Баб ауданына миномет шабуылы жасады

YPG/PKK террор ұйымының Сирияда Баб ауданына жасаған миномет шабуылында бір бейбіт адам қаза тапты.

1584353
YPG/PKK Баб ауданына миномет шабуылы жасады

Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның Баб ауданына жасаған миномет шабуылында бір бейбіт адам қаза тапты, бір адам жараланды.

Түркия мен Ресей арасында 2019 жылы 22 қазан күні жасалған келісімге сәйкес YPG/PKK-лық террористтерэвакуациялауға тиісті Манбидж ауданы лаңкестік әрекеттер үшін база ретінде қолданылуда.

Бөлшектеуші террор ұйымы оккупациялаған Манбиджтен Түрік Қарулы күштерінің (тамыз 2016 - наурыз 2017) «Евфрат қалқаны» операциялық аймағында орын алған Баб ауданының шығысындағы Ум Адесе және Сүккерийе ауылдарына миномет шабуылы жасалды.

Шабуылда Ум Адеседе алғашқы мағлұматтарға қарағанда бір бейбіт адам қаза тапты, бір адам жарақат алды.

Террор ұйымы YPG/PKK-ның 8 ақпан күні Баб аудан орталығына ұйымдастырған зымыран шабуылында болса 3 бала, барлығы 9 бейбіт адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар