Перудағы жол апатында 11 адам қаза тапты

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша жолаушы автобусы жүк көлігімен соқтығысты.

2142773
Перудағы жол апатында 11 адам қаза тапты

Оңтүстік Американың Перу елінде жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысып, 11 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша Паско аймағынан келе жатқан жолаушылар автобусы Хуануко қаласында қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысты. 

Жол апаты салдарынан 11 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды. 

Жүк көлігінің жүргізушісі оқиғаға салғырттық танытты деген себеппен ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар