Ауғанстан атыстың тоқтауын қалайды
Ауғандар арасындағы келіссөз жалғасып жатыр.
Ауғанстан Ұлттық келісім жоғары кеңесінің төрағасы Абдуллах Абдуллах Катардың бас қаласы Дохада Талибанмен жүргізілген келіссөзде бітім қалайтындарын айтты.
Абдуллах Кабулдағы бір сөзінде Ауғанстанда келіссөз делегациясының Дохада Талибанмен кездесулер жүргізіп жатқанын айтты. Ауғанстан делегациясының басымдығы – атыстың тоқтауы.
«Дохада жалғасып жатқан ауғандар арасы келіссөзде қақтығыстың тоқтауын және бітім жасалуын қалаймыз» деді.
Ол Ауғанстанда бейбітшіліктің орнауы үшін аймақтық және халықаралық ауызбіршілік керектігін атап көрсетті.
Ауғанстан мен Талибан арасындағы келіссөздің екінші сатысы 14 желтоқсан күні үзіліс берілгеннен кейін 6 қаңтарда қайта басталған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Путин Қытайға барады
Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.
Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда
Индонезия Ұлттық Апатпен күрес агенттігі елдегі соңғы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.