Или Левотолок жанартауында "қызыл сары" ескерту жасалды

«Тынық мұхит от сақинасы» зілзала мен волкань шеңберіндегі Индонезияда 127 қозғалыстағы жанартау бар.

1537104
Или Левотолок жанартауында "қызыл сары" ескерту жасалды

Индонезияда Шығыс Нуса-Тенггара уәлаятының Ломблен аймағындағы Или Левотолок жанартауы үшін аттаныс дәрежесі жоғарлатылды.

Вулканология және геологиялық апатты азайту орталығы (PVMBG) Ломблен аймағындағы Или Левотолок жанартауында өткен аптадан бері волкандық қозғалыстардың артуы себепті аттаныс дәрежесінің "қызыл сары" өресіне жоғарлатылғанын жариялады.

Жанартау кратерінің 4 километрлік маңайында халықтың тұрмауы керектігін ескеркен Вулканология және геологиялық апатты азайту орталығы (PVMBG) жанартау шашқан күл мен тұманның кері әсеріне қарсы маска мен қорғаушы киімдер қолдануды ұсыныс етті.

Ұйымның мәлімдемешісі Радитя Джати жанартаудың төңірегіндегі 28 ауылдың 2 мың 800 тұрғыны көшірілгенін хабарлады.

Қатынас министрлігі аймаққа ұшақ рейсі үшін ескерту жасалғанын, аралдағы көптеген әуежайларға күл шашылғандықтан жабылғанын жариялады. 

Елде жанартау аттаныс жүйесі жасыл, сары, қазыл сары және қызы болып 4 сатыға бөлінеді.

«Тынық мұхит от сақинасы» зілзала мен волкань шеңберіндегі Индонезияда 127 белсенді  қозғалыстағы жанартау бар.  



Ұқсас жаңалықтар