Помпео Стамбулда Фенер Понти патриархы Варфоломеймен бас қосты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Стамбул сапары аясында Фенер понти шіркеуіне барды.

1529275
Помпео Стамбулда Фенер Понти патриархы Варфоломеймен бас қосты

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Стамбул Фатихтегі Фенер понти патриархтығына барды.

Ая Йорги понти патриарх шіркеуін аралаған Помпео осында шам тұтатты. Помпео кейін Фенер Понти патриархы Варфоломей I-мен оңаша кездесті.

Баспасөзге жабық өткен кездесу 1 сағатқа жалғасты. Помпео патриархпен бағдарламасының артынан Эминөнү ауданындағы Рүстем Паша мешітіне өтті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпеоның жанында жұбайы Сьюзан Помпео мен АҚШ-тың Түркиядағы Өкілетті елшісі Дэвид Саттерфиельд орын алуда.

Помпео Стамбулдағы бағдарламасының артынан Грузияға өтеді.

Помпео Францияда басталған және 7 елді қамтыған бағдарламасы аясында кеше Стамбулға келген болатын.



Ұқсас жаңалықтар