Шығыс елдерінде коронавирус

Шығыс елдерінде коронавируспен күрес жалғасуда.

1517323
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 171 мың 680-ден, расталған оқиға саны 44 миллион 425 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 32 миллион 453 мың 840-ға жетті.

Үндістанда ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 120 мың 54-ке жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 7 миллион 990 мың 322-ден асты.

Эпидемия салдарынан 26 мың 589 адам қайтыс болған, 1 миллион 326 мың адам вирус жұқтырған Ресейде Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ковид-19 вирусы анықталған бір адаммен бір ортада болғаны себепті өзін жеке карантинге алғанын жариялады. Лавров жағдайының жақсы екенін білдірді.

Африка құрлығында ковид-19 инфекциясы ең көп анықталған Оңтүстік Африка Республикасында вирус салдарынан өлім-жітім 19 мың 53-ке жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 717 мың 851 болды. Оңтүстік Африка мемлекет басшысы Матамела Сирил Рамафоса бір қонағының вирус жұққаны анықталған соң карантинге кірді. Рамафосаның карантинге сақтық шарасы ретінде кіргені  симптом көрсеткен жағдайда сынама жүргізілетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар