Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 41 мың 865-тен асты.

1502758
Шығыс елдерінде өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 1 миллион 41 мың 865-тен, расталған оқиға саны 35 миллион 404 мың 675-тен асты. Сауығып кеткендер саны 26 миллион 630 мың 690 болды.

Үндістанда соңғы 1 тәулікте ковид-19 эпидемиясынан көз жұмған 903 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны жалпы 102 мың 714-ке жетті. Елдегі расталған оқиға санына соңғы 24 сағатта 74 мың 442 адам қосылып, жалпы 6 миллион 623 мың 815-тен асты.

Африка құрлығының ең көп өлім-жітім тіркелген елі Оңтүстік Африка Республикасында соңғы 1 күнде көз жұмған 38 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 16976-ға жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 1753 артып, 681 мың 289-ға өсті.

Иракта ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 52 адамды қосқанда, өлім-жітім 9 мың 399ға жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 379 мың 141болды.

Тунисте соңғы екі күнде ел көлемінде көз жұмған 45 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 321-ге, вирус жұқтырғандар саны 2 мың 209 артып, 22 мың 230-ға жетті.

Израиль басқыншылығындағы Газа секторында Ковид-19 шаралары аясында бір айдан астам уақыттан бері жабық болған мешіттер кеше қайтадан ғибадатқа ашылды. Газа секторында қала шетіндегі карантин орталығынан тыс алғашқы ковид-18 оқиғасы анықталуының артынан 24 тамыз күні басталған коменданттық сағат жалғасуда. Тыйымға қарамастан Газа секторындағы тұрғын аймақтарында ковид-19 оқиғаларының жылдам артуы назар аударуда.



Ұқсас жаңалықтар