Шығыс елдерінде эпидемиядан өлім-жітім артуда

Үндістанда 1 күнде 115 адам эпидемия салдарынан қайтыс болды.

1487351
Шығыс елдерінде эпидемиядан өлім-жітім артуда

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 901 мың 900-ден, расталған оқиға саны 27 миллион 723 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 19 миллион 834 мың болды. 

Үндістанда соңғы 1 тәулікте көз жұмған 115 адамды қосқанда, ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 73 мың 890-ға жетті. Елдегі расталған оқиға саны соңғы 1 күнде 89 мың артып, 4 миллион 370 мың 128 болды. 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында(СКТР) соңғы кездері вирус жұқтырғандар саны артқан соң эпидемиямен күрес аясында жаңа шаралар қабылданды. Қалың жұрт барған ойын-сауық орталықтары, клубтар, дискотекалар және казинолар 1 қазан күніне дейін жабылды. Бала бақшалар, 1-ші сынып және 2-ші сыныпқа барған оқушылар қажетті шаралардың қабылдануымен оқу процесін жалғастыруда, дегенмен басқа сыныптардың 1 қазан күніне дейін мектепке бармайтыны жарияланды. 11 қазан күні өткізілуі жоспарланған президенттік сайлау науқаны да 1 қазан күніне қалдырылды. 



Ұқсас жаңалықтар