Террорист бас бостандығынан айрылды

2 мешітке қарулы шабуыл жасап, 51 адамның өліміне себеп болған террорист Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айрылды.

1479998
Террорист бас бостандығынан айрылды

Жаңа Зеландияда 2 мешітке қарулы шабуыл жасап, 51 адамның өліміне, 49 адамның жаралануына себеп болған террорист Брентон Таррант өмір бойы бас бостандығынан айрылды. 

Крайсчерч Жоғары сотында қаралған соттың нәтижесінде үкімді оқыған төреші Кэмерон Мандер террорист Тарранттың өмір бойы бас бостандығынан айрылғанын білдірді. 

Кешегі сот отырысында өзінің қорғаныс мәтнін оқымаған террористтің түсініктемесін адвокаты оқыған еді. Террорист Таррант өзіне бағытталған барлық айыптауларды мойындаған еді. 

Ақ нәсілдің үстемдігін алға тартқан террористтің өмір бойы бас бостандығынан айрылуы күтілген болатын. 

Ел премьер-министрі Жасинда Ардерн әділеттің орындалғанына ризашылығын білдірді. “Бұл Жаңа Зеландияда қазірге дейін еш кездеспеген бір қылмыс болатын.  Оған еш кездеспеген бір жаза берілді” деп айтты. 

Жаңа Зеландия Сыртқы істер министрі Уинстон Петерс те елдегі мұсылмандардың жеткілікті қайғы шеккенін атап көрсетіп: “Партия ретінде террорист өзі өскен елге жолдануы керек деп ойлаймыз” деді.



Ұқсас жаңалықтар