«Ливияда тек қана Түркия дұрыс ойын ойнауда»

Француз журналы Le Canard Enchaine Ливия үкіметінің Түркияның қолдауымен Хафтарды жеңгенін атап көрсетті.

1442657
«Ливияда тек қана Түркия дұрыс ойын ойнауда»

Француз журналы «Ле-Канар аншене» (Le Canard Enchaine) кейбір француз дипломаттардың президент Ердоғанның Ливияда дұрыс ойын ойнаған жалғыз адам екені жайлы көзқарасын бөліскенін жазды.

Ле-Канар аншене «Ливияда тек қана Түркия дұрыс ойын ойнауда» тақырыпты хабарында Франция президенті Эммануэль Макронның «Түркияның Ливияда қауіпті ойын ойнағаны» жайлы сөздеріне қарсы кейбір француз дипломаттардың «Ердоған гео-саяси, әскери, мұнай және табиғи газ нысаналарын жасырмай дұрыс ойнайтын жалғыз адам. Бұл Жерорта теңізі, Ливия және Кипр тақырыптарында да солай» деген көзқарас білдіргенін жазды.

Хабарда Ливияның шығысындағы көтерілісшіл қарулы күштердің басшысы Халифа Хафтардың Ресей, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Францияның қолдауына сенгенін атап көрсетті.

Хабарда Ливия үкіметінің Түркияның қолдауымен Хафтарды жеңгеніне де орын берілген.



Ұқсас жаңалықтар