Пәкістанда 13 жасар қызға үнділердің оғы тиді

Пәкістан Үндістан әскерлерінің екі ел арасындағы Кашмир Бақылау желісінде атқан оғынан 13 жастағы қыз баланың қаза тапқанын хабарлады.

1440378
Пәкістанда 13 жасар қызға үнділердің оғы тиді

Пәкістан Үндістан әскерлерінің екі ел арасындағы Кашмир Бақылау желісінде атқан оғынан 13 жастағы қыз баланың қаза тапқанын хабарлады.

Пәкістан армиясы Үндістан шекара күштерін шекараның Пәкістан жағындағы бейуаздарды нысанаға алғаны себепті айыптады және Азад Джамму мен Кашмирде Үндістан тарапынан атылған оқтан 13 жасар қыз баланың қаза тапқанын, екі кісінің жараланғанын білдірді.

Армияның мәлімдемесінде:

"Үндістан армиясы бейуаз халықты нысанаға алды, Кашмир Бақылау желісі жағасындағы аймақтарға себепсіз оқ атып, атысты тоқтату келісімін бұзды" деп көрсетілді.

Қаза тапқан 13 жасар қыздың шешесі мен 12 жастағы бір баланың жараланғаны, Пәкістан армиясының үнді әскерлердің шабуылына жауап бергені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар