ЕО Түркия делегация төрағасы-Майер-Ландру

Еуропа Одағы Түркия делегациясының төрағасы, елші Кристина Бергердің орнына елші Николаус Майер-Ландру тағайындалды.

1437317
ЕО Түркия делегация төрағасы-Майер-Ландру

Еуропа Одағы Түркия делегациясының төрағасы, елші Кристина Бергердің орнына елші Николаус Майер-Ландру тағайындалды.

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррель  жазбаша мәлімдеме арқылы Сыртқы байланыстар бөліміндегі өзгерістерді жариялады.

Өзгерістерге сай Еуропа Одағы Түркия делегациясының төрағасы, елші Кристина Бергер Мысырға тағайындалды. Бергерден босаған орынға Германияның Париждегі өкілетті елшісі Николаус Майер-Ландру тағайындалды.

1960 жылы дүниеге келген Николаус Майер-Ландру 1989 жылы Германия Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істей бастады. Вена және Брюссельде міндет атқарды. 2015 жылдан бері Германияның Париждегі өкілетті елшісі міндетін атқарып келеді. 

2006-2015 жылдары арасында Германия премьер-министрі Ангела Меркельге ақылшы болған Николаус Майер-Ландру Германияның танымал дипломаты.



Ұқсас жаңалықтар