Сириядағы жарылыста 3 әскер жарақат алды

Тель-Абьяд ауданында Сирия Ұлттық ариясы көлігіне тиелген бомбаның жарылуы салдарынан 3 әскер жарақат алды.

1432972
Сириядағы жарылыста 3 әскер жарақат алды

Сирияның солтүстігінде оппозиционерлердің бақылауындағы Тель-Абьяд ауданында Сирия Ұлттық армиясы көлігіне тиелген бомбаның жарылуы салдарынан 3 әскер жарақат алды. 

"Бейбітшілік бұлағы" операциясымен террордан тазаланған Тель-Абьяд ауданының Сулук қалашығы жолында Сирия Ұлттық армиясы көлігінде жарылыс болды. 

Сирия Ұлттық армиясы көлігі жүріп бара жатқанда тиелген бомба жарылды. Жарылыста 3 әскер жарақат алды. 

Жараланған әскерлер маңдағы ауруханаға апарылды. 

Оқиға орнында тексеру жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштер жарылыстың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK тарапынан ұйымдастырылғанын алға тартуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар