ТИКА Ауғанстан халқына жәрдем беруде

ТИКА-ның азық-түлік пакеттері Кабул губернаторлығына тапсырып берілді.

1421366
ТИКА Ауғанстан халқына жәрдем беруде

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Ауғанстандағы 3 мың қиыншылығы бар отбасына азық-түлік жақтан жәрдем берді. 

ТИКА-ның азық-түлік пакеттері Кабул губернаторлығына тапсырып берілді. 

Губернаторлық та жаңа коронавирус індеті аясында жасалған шаралар салдарынан қиыншылық шеккен 3 мың отбасына азық-түлік пакеттерін тапсырып берді. 

ТИКА жаңа коронавирус індетімен күресу аясында бұдан бұрын да Ауғанстан Денсаулық министрлігіне медициналық жабдықтар жіберген еді. 

Сонымен қатар Забул, Хелманд, Пактика, Бамян, Перван және Пеншир уәлаяттарында қиыншылығы бар 1500  отбасына азық-түлік жәрдемдермен қатар сақтандыру жабдықтары, қолғап, қол жуатын сабын және тазалық бұйымдарын таратқан болатын. 

ТИКА-дан жасалған мәлімдемеде бұдан кейін де дос және бауырлас Ауғанстан халқына жалғасты жәрдем беретіні білдірілді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар