Нигерияда 1 аптаның ішінде 105 террорист залалсыздандырылды

Нигерияның солтүстігінде Боко Харам террор ұйымына бағытталған ауқымды операция жалғасуда.

1401755
Нигерияда 1 аптаның ішінде 105 террорист залалсыздандырылды

Нигерияның солтүстігінде соңғы 1 аптаның ішінде Боко Харам террор ұйымына бағытталған операцияларда 105 террорист залалсыздандырылды.

Армия мәлімдемешісі Муса Сагир журналистерге жасаған мәлімдемеде армияның Йобе уәлаятына қарасты Буни Гари ауылында Боко Харамға қарсы операциялардың жалғасқанын атап көрсетті.

Операцияларда 105 террористтің залалсыздандырылғанын атап айтқан Сагир көптеген оқ-дәрінің де қолға түсенін білдірді.

Сагир операция барысында 2 әскердің жарақат алғанын атап көрсетті.

Нигерияда 2000 жылынан бері болмысын жалғастырған Боко Харам террор ұйымының 2009 жылдан бері жасаған шабуылдарында 20 мыңнан астам адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар