АҚШ ДДСҰ қаржыландыруды тоқтатты

Трамп жаңа коронавирус індеті салдарынан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын айыптап, беретін қаржыларын тоқтатқанын жариялады.

1398443
АҚШ ДДСҰ қаржыландыруды тоқтатты

АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты.

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп жаңа коронавирус індеті салдарынан  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын айытптап, беретін қаржыларын тоқтатқанын жариялады. 

Құрама Штаттар президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясымен күресте дәрменсіз болуына байланысты ұйымның бюджетіне жарна төлеуді тоқтата тұруға бұйрық бергенін мәлімдеді.

Трамп Ақ Үйдегі баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратты жеткілікті дәрежеде алып отырмағанын,тексермегенін, оны уақытылы және ашық түрде жарияламағанын түсіндірді. 

Президенттің айтуынша, БҰҰ агенттігі қытайлық жалған ақпаратты таратқан. Бұл эпидемияның анағұрлым ауқымды салдарына алып келген. Осылайша Дональд Трамп Қытайда пайда болған вирустың ғаламшар бойынша таралып кету оқиғасында ДДСҰ-ның рөлі анықталғанға дейін қаржыландыруды тоқтата тұруға нұсқау берді.

АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына жылына 400 бен 500 миллион доллар аралығында бір ақша беріп отырғанын түсіндірген Трамп Қытайдың болса тек 40 миллион ғана үлес қосқанын айтты. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Қытайдан жасалатын саяхаттарды тоқтату" жайлы үндеуге құлақ аспағанын және бұның үлкен бір қателік екенін пайымдаған Трамп өзінің Қытайдан АҚШ-қа жасалатын саяхаттарды ең алдымен тоқтатқанын түсіндірді. 

Енді бір жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымының  Бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының немесе вируспен күресетін басқа да гуманитарлық ұйымдардың қызметі үшін ресурстарды қысқартатын уақыт емес екенін мәлімдеді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар