Түркия Йемендегі бітімге ризашылық білдірді

Араб колалиция күштері "Сovid-19" салдарынан Йеменде бір жақты бітім жариялады.

1395152
Түркия Йемендегі бітімге ризашылық білдірді

Түркия Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштерінің Йеменде бір жақты бітім жариялауына ризашылығын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррештің жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына орай жасаған шақыруын Араб коалиция күштері берген қолдауға ризашылығын білдіргенін мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Төтенше кезеңнен өтіп жатқанымыз қазіргі таңда барлық тараптарды бітімге бағынуға шақыра отырып, эпидемияға қарсы күреске кері әсер ететін әртүрлі ұстанымнан бастарту керектігіне назар аударамыз» делінді.

Сауд Арабиясы басшылығындағы колалиция күштері Сovid-19 эпидемиясы салдарынан Йеменде бейсенбі күнінен (кеше) бастап, 2 аптаға бітім жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар