Ирак үкіметі шерулер туралы тергеу ашты

Ирак үкіметі 3 адам қаза тапқан, 60 адам жарқат алған шерулер үшін жедел түрде тергеу ашты.

1280038
Ирак үкіметі шерулер туралы тергеу ашты

Ирак үкіметінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Бағдат және көптеген уәлаятта бірдей басталған шерулер жайлы тергеу ашылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Ирак премьер-министрі Адил Абдулмехди халықтың бүкіл талаптарын заңдарға сәйкес орындайтындарына уәде беріп, шерулер алдында халықтың барлық талаптарын жинайтын комиссиялар құрылғанын және жұмыстардың орындала басталғанын атап көрсетті.

Абдулмехти тыныштық сақтап, Ирак пен халқына қарсы опасыздық жасайтындарға қарсы абай болу керектігін меңзеді.

Президент Берхем Салих твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде бейбітшіл шерулердің атазаңның кепілдігінде екенін және ирактық жастардың жағдайларын жақсартуды нысанаға алғандарын атап «Осы заңды сұраныстарды орындау біздің міндетіміз» деді.

Мысырда президент Абдулфеттах әл-Сисиге қарсы ұйымдастырылған наразылық шерулерінің артынан Иракта да әлеуметтік медиа арқылы «1 қазан күні үнсіз қалмаймыз», «1 қазан күні көшеге шық», «1 қазан күні үлкен шеру» және «Мысыр сенен батыл емес» сияқты ұрандармен халықты шеруге шығуға ынталандырып, үкіметті протест етуге шақыру тасталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар