АҚШ-тың Палестинаны бөлшектеу жоспарына наразылықтар артты

Ақ Үй әкімшілігі бөлшектеу жоспары аясында экономикалық пакет жарияланды.

1224253
АҚШ-тың Палестинаны бөлшектеу жоспарына наразылықтар артты

АҚШ-тың Палестинаны бөлшектеу жоспары аясында ұйымдастырылған Бахрейн жұмыс тобы жиналысына санаулы күн қалды. Бөлшектеу жоспары аясында экономикалық пакет жарияланды. Ақ Үй әкімшілігі жариялаған пакетте Палестина көрші мемлекеттерді қамтитын 50 миллиард долларлық инвестиция қоры жоспарлануда.

Палестина Мемлекет басшысы Махмуд Аббас Бахрейндегі жұмыс тобы жиналысына қатысудан бас тартқандарын тағы бір рет қайталады. Саяси мәселелер шешілмейінше, ешбір экономикалық тақырыпты назарға алмайтындарын атап көрсетті.

Пакетке наразылық көрсеткен Хамас мәлімдемешісі Палестина халқының ақшаға берілмейтінін атап көрсетті.

Жәрдем пакеті аясында орын алған елдерден Ливанның Мәжіліс төрағасы Небих Берри, «Миллиардтаған доллар таратады деп, Палестина күресінен және кері оралу құқығынан бас тартпаймыз» деді.

Жоспарға қатысты қатаң мәлімдеме жасаған Иран Мәжіліс төрағасы Али Ларижани болса, Вашингтонның жоспарының Палестина халқының абыройын таптағанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар