Зариф АҚШ-пен болған дағдарысты түсіндірді

Иран Сыртқы істер министрі Зариф «Иранның АҚШ-қа мұқтажы жоқ» деді.

1215968
Зариф АҚШ-пен болған дағдарысты түсіндірді

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Тегеран әкімшілігінің Америка Құрама Штаттарына мұқтажының болмағанын және осы елмен қарым-қатынасын жақсарту ынтасында емес екенін айтты.

Иран Мәжілісі ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы мүшелерімен бас қосқан Зариф журналисттерге жасаған мәлімдемесінде АҚШ-пен болған дағдарысты түсіндірді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға бағыттаған санкцияларын «экономикалық терроризм» деп түсіндірген Зариф Вашингтон әкімшілігінің бұны аяқтатуы керектігін білдірді.

АҚШ-тың қысым саясатын жүргізгенін баяндаған Зариф «Иранның АҚШ-қа мұқтажы жоқ. Осы елмен қарым-қатынасты жақсарту ынтасында емеспіз» деген сөздер қолданды.

 


Этикеттер: #Иран , #мұқтаж , #АҚШ , #саясат

Ұқсас жаңалықтар