АҚШ-та бір тікұшақ ғимаратқа соғылып құлады

Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында бір тікұшақ ғимаратқа соғылып құлады. Оқиға салдарынан ұшқыш қаза тапты.

1216283
АҚШ-та бір тікұшақ ғимаратқа соғылып құлады

АҚШ-та бір тікұшақ ғимаратқа соғылып құлады.

Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында бір тікұшақ ғимаратқа соғылып құлады. Оқиға салдарынан ұшқыш қаза тапты.

Нью-Йорк жедел құтқару басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда бір тікұшақ Манхэттен ауданының орталық өңірінде Таймс алаңы маңындағы биік ғимараттың ең жоғарғы қабатына соғылды. Олардың хабарлауынша, қазіргі кезде ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары белсенді жүріп, шыққан өрт сөндірілген. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

 



Ұқсас жаңалықтар