АҚШ Судандағы қырғынды айыптады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Морган Ортагус әскери билікке шақыру тастады.

1214091
АҚШ Судандағы қырғынды айыптады

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Морган Ортагус Суданда қауіпсіздік күштерінің ондаған жазықсыз адамды қыруын айыптап, Суданда биліктің азаматтық басқару жүйесіне тапсыруға шақырды.

Мәлімдемеші Ортагус Судандағы оқиғалар мен саяси кезеңге қатысты жасаған жазбаша мәлімдемеде «АҚШ Суданда жазықсыз адамдарға бағытталған қырғынды айыптайды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыс-тамырларына көңіл айтамыз» деді.

Ортагус армияның билікті азаматтық басқару жүйесіне тапсыру керектігіне назар аударып, «Суданның уақытша әскери кеңесін және Жылдам қосымша қолдау күшін қақтығыстан бас тартуға шақырамыз. Судан халқының емін-еркін өзіне өкілдік жасайтын саяси бір азаматтық басқару жүйесін қамтамасыз ету үшін Еркіндік және өзгеріс күштерімен қайтадан байланыс орнатылуын қалайды. Африка Одағы Бейбітшілік және қауіпсіздік кеңесінің 30 сәуір күнгі баяндамасын қолдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар