«АҚШ өте қауіпті бір ойын ойнауда»

Иран Сыртқы істер министрі АҚШ күштерінің Басра Шығанағында апатқа жол ашуы мүмкін екенін білдірді.

1205677
«АҚШ өте қауіпті бір ойын ойнауда»

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф АҚШ-тың Басра Шығанағында әскери күштерін арттыруының апаттарға жол ашуы мүмкін екенін атап, «АҚШ өте қауіпті бір ойын ойнауда» деді.

Зариф CNN телеарнасына жасаған мәлімдемеде АҚШ-пен дағдарыс жайлы мәлімдеді.

АҚШ-тың Ираннан келетін қауіптерді сылтауратып, Басра Шығанағындағы әскери болмысын арттыруымен байланысты Зариф «Осыншама көп әскери күштің кішкентай бір алаңда болуы өзінен өзі апаттарға жол ашуы мүмкін» деді.

АҚШ осындай «апаттардың» болғанын қаламаған адамдар бар екеніне назар аударған Зариф «Апат болмауы үшін өте сақ болу керек. «АҚШ өте қауіпті бір ойын ойнауда» деді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың елін ядролық келісімнен бас тартуы шешімінің артынан Иранмен жаңа бір келісім үшін келіссөздерге дайын екені мәлімдемесіне тоқталған Зариф «Уәделерінен бас тартқандармен әңгімелесуді қаламаймыз. Кезкелген ирандықты қорқыту арқылы нәтиже алмайсың. Келіссөздің жолы құрметтеу, қорқыту емес» деді.

Трамп алдынғы күні твиттерден жасаған мәлімдемеде «Иран соғыс қалайтын болса, Иранның ресми түрде жойылуы деген сөз. АҚШ-ты қорқытушы болма!» деп Иранды қорқытқан болатын.

АҚШ президенті Трамп екі апта бұрын болса Ақ Үйде жасаған мәлімдемеде Тегеран әкімшілігіне жаңа бір келісім үшін шақыру тастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар