Марста жер сілкінісі тіркелді

NASA-ның сейсмикалық көлігі ғаламшарда жер сілкінісі болғанын тіркеді.

1188942
Марста жер сілкінісі тіркелді

Америка Құрама Штаттары Авиация және ғарыш департаментінің Марсқа жіберген сейсмикалық көлігі ғаламшарда жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Ғалымдар InSight жиһазының 6 сәуір күні Марста жер сілкінісі тіркегенін,  мұның қызыл ғаламшарда тіркеуге алынған алғашқы зілзала екенін хабарлады.

Париж Жер шары физикалық институтынан Филипп Логнон Марстың сейсмикалық тұрғыдан әлі белсенді екені жөнінде айғақ табылғанын білдірді.

Ғалымдар Марс ғаламшарындағы жер сілкіністерін зерттеп, ғаламшардың қалыптасу үрдісі жөнінде одан көп мәлімет жинауға тырысады.



Ұқсас жаңалықтар