Араб елдері Палестинаны қолдады

Араб Сыртқы істер министрлері Палестина халқының құқығын қолдамайтын бейбітшілік жоспарларына қарсы екендерін атап көрсетті.

1187935
Араб елдері Палестинаны қолдады

Араб Сыртқы істер министрлері Палестина халқының құқығын қолдамайтын бейбітшілік жоспарларына қарсы екендерін атап көрсетті.

Мысырдың бас қаласы Каирде ұйымдастырылған Араб Лигасы Сыртқы істер министрлігі Төтенше жиналысының қорытынды декларациясында Америка Құрама Штаттарының «Ғасырдың келісімі» жоспарына меңзеп: «Осындай жоспарлар тойтарысшыл Палестина халқының заңды құқықтарын бермей Таяу Шығыста ауқымды және түбегейлі бейбітшілік қамдамайды» деп айтылды.

Декларацияда аталмыш құқықтар 1967 жылғы 4 маусым күнгі шекарасында бас қаласы Шығыс Иерусалим болып табылатын тәуелсіз Палестина мемлекет құрылуы,  босқындардың кері оралуы,  зияндардың төленуі,  Араб Бейбітшілік бастамасының орындалуы мен тұтқындардың босатылуы деп тізіп айтылды.

Декларацияда айырықша Палестиналық топтарға ұлттық келісімді тез арада орналып,  үкіметтің жауапкершілігін алуы және мүмкіндігінше жақын уақытта сайлау өткізуге шақыру тасталды.

Араб елдерінің Сыртқы істер министрлері Палестинаның ұсынысына орай Палестинадағы соңғы ахуал және АҚШ-тың «Ғасырдың келісімі» жоспарын талқылау мақсатымен бас қосып,  жиналысқа Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас та қатысқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар