Сомалиде террор ұйымы мал базарына шабуылдады

Аш-Шабаб террор ұйымы Сомалидің оңтүстік батысындағы бір мал базарына бомбалы шабуыл жасады.

1163438
Сомалиде террор ұйымы мал базарына шабуылдады

Сомалидің оңтүстік батысындағы бір мал базарында қолдан жасалған бомба жарылды 5 адам қаза тапты.

Базардың шамамен 30 шақырым қашықтығында орын алған Байдоа қаласы мәлімдемешілерінен Нураддин Юсуф террор ұйымы Аш-Шабабтың базарда сауда жасаған жазықсыз адамдарға қолдан жасалған жарылғышпен шабуылдағанын білдірді.

Юсуф шабуылда 5 адамның қаза тапқанын тілге тиек етті.

Жарылыстар себепті 40-тан астам адамның да жарақат алғанын білдірген Юсуф жаралылардың аймақтағы ауруханаларға жеткізілгенін атап көрсетті.

Аш-Шабаб террор ұйымы шабуылының жауапкершілігін мойындағанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар