Үндістан соғыс ұшағы Пәкістанға бомба тастады

Үндістан әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарының Пәкістан әуе кеңістігін бұзып бомба тастағаны білдірілді.

1152489
Үндістан соғыс ұшағы Пәкістанға бомба тастады

Пәкістан Қарулы күштері мәлімдемешісі генерал-майор Асыф Гафур мәлімдемесінде Үндістан соғыс ұшақтарының Кашмир бақылау желісіндегі Музафферабад аймағы арқылы шекарадан 5-6 шақырым Пәкістан әуе кеңістігіне кіргенін білдірді.

Гафур ұшақтардың бірінің Пәкістан соғыс ұшақтарынан асығып қашқан кезде бомба тастағанын атап көрсетті.

Гафур бомбаның шекара уәлаяты Хайбер-Пахтунхвадағы Балакот қаласы маңындағы бір аймаққа құлағанын мәлімдеді.

Бомба құлаған тегіс жер мен бомба қалдықтарының фотосуреттерін баспасөзбен бөліскен Гафур кезкелген материалдық және адам шығыны болмағанын атап көрсетті.

Үндістанда 14 ақпан күні қарулы бір керуенді нысанаға алған бомбалы шабуылда 44 әскер қаза тауып, 20 әскер жарақат алған болатын.

Жаңа Дели әкімшілігі шабуылмен байланысты Пәкістанды айыптаған болатын. Пәкістан болса айыптауларды мойындамаған еді.



Ұқсас жаңалықтар