БҰҰ Бас хатшысы тыныштыққа шақырды

Антониу Гутерреш Венесуэлада болып жатқан оқиғаларда не болса, болсын күш қолданылмау керектігін айтты.

1151951
БҰҰ Бас хатшысы тыныштыққа шақырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Венесуэлада болып жатқан оқиғаларда не болса, болсын күш қолданылмау керектігін айтты.

БҰҰ Бас хатшылығының жазбаша мәлімдемесінде,  бас хатшының Венесуэлада артып отырған келіспеушілікті бақылап отырғаны және алдынғы күні болған оқиғада кейбір азаматтардың қаза табуына орай уайымдағаны атап көрсетілді. Мәлімдемеде: «Бас хатшы тыныштыққа шақырып,  барлық тараптардың келіспеушілікті азайтуын және қызуды түсіру үшін жұмыстануын сұрайды» деп айтылды.

Колумбияның Венесуэла шекарасында АҚШ Халықаралық даму агенттігі жіберген «гуманитарлық көмекті» Венесуэлада өзін «уақытша мемлекет басшысы» деп жариялаған Хуан Гуаидоға тапсыруы және көмек материалдарын елге кіргізу барысында қауіпсіздік күштері мен оппозиция арасында қақтығыс шыққан еді.  Оппозиция 4 адамның қаза тауып, 200-ден астам адамның жарақат алғанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар