Индонезияда су тасқыны жан алды

Индонезияның Батыс Джава уәлаятында нөсер жауын салдарынан 3 адам қаза тапты.

1142209
Индонезияда су тасқыны жан алды

Темпо газетінің хабарына қарағанда уәлаяттың бас қаласы Бандунгта кешеден бері нөсер жауын аймақтағы Джатиендах (Catiendah) ауылында су тасқынына себеп болды.

Су тасқынында 10-дан астам үй қирады, аймақта 3 адам қаза тапты және 3 адам жарақат алды.

Ауыл тұрғындары эвакуацияланған аймақта селдің артынан басталған аймақты тазалау жұмыстары жалғасуда.

Өткен айдың ішінде Оңтүстік Сулавеси уәлаятында нөсер жауын себепті болған су тасқыны мен топырақ көшкіндерінде 68 адам қаза тапқан болатын.

Тропикалық климатқа ие Индонезияда нөсер жауын салдарынан су тасқындары мен топырақ көшкіндері жиі болуда.



Ұқсас жаңалықтар