Кипрде лидерлер бас қосады

Мұстафа Акынжы мен Никос Анастасиадис 26 ақпан күні кездеседі.

1141778
Кипрде лидерлер бас қосады

Кипрде лидерлер бас қосады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынжы мен Оңтүстік Понти әкімшілігі лидері Никос Анастасиадис 26 ақпан күні кездеседі.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Кипр арнайы өкілі және Кипрдегі БҰҰ Бейбітшілік күші миссиясы басшысы Элизабет Спехардың аралық аймақтағы ғимаратта өткізілетін бейресми жиналыс жергілікті сағат 10.30-да басталады.

Кипр лидерлері ең соң 2018 жылы 26 қазанда Элизабет Спехардың үй иелігінде бас қосқан еді.



Ұқсас жаңалықтар