АҚШ Түркияға сапарлай келген делегация жайлы мәлімдеді

"Террористердің Түркияға қауіп төндіргенін байқап отырмыз"

1122697
АҚШ Түркияға сапарлай келген делегация жайлы мәлімдеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео президент Трамптың Сириядан шегіну шешімінің нақты екенін атап «Террористердің Түркияға қауіп төндіргенін байқап отырғандарын және осы тақырыпта Түркияға қолдау беретіндерін» білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Таяу Шығыс туры аясында ресми сапармен Иракқа барған Помпео АҚШ-тың Эрбиль бас консулдығында болып өткен баспасөз жиналысында «АҚШ президентінің Сириядан шегіну шешімі өте ашық» деді.

Бір журналисттің Түркия мен (бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ны айтқысы келіп) «күрдтермен» қарым-қатынастардың қалай жүргізілетіні жайлы сұраққа жауап қайтарған Помпео екі жақпен де әңгімелескендерін атап «Әскерлеріміз шегініп жатқанда жасақтарымыздың қауіпсіз түрде шегіну процесін жоспарлау үшін келіссөздерімізді жалғастырудамыз. Шегінбестен бұрын барлық ДАИШ-тік топтардың тазаланғанына толық сенгіміз келеді» деді.

Помпео президент Режеп Тайып Ердоғанның YPG/PKK-ны Түркия үшін бір қауіп ретінде қабылдағаны жөніндегі бір сұраққа да «Ердоған террористердің өздері үшін үлкен бір қауіп екенін түсіндірді. Біз де террористердің Түркияға қауіп төндіргенін байқап отырмыз және осы тақырыпта Түркияны қолдаймыз. Радикалдар мен террористтер қайда болмасын, осылармен күрескен елдердің барлығына қолдау беруге дайынбыз. Осыған Түркия сияқты басқа елдерді қосамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар