Ресейден АҚШ-тың YPG/PKK-ға берген қолдауына наразылық

Ресей АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға берген қолдауын сынға алды.

1097344
Ресейден АҚШ-тың YPG/PKK-ға берген қолдауына наразылық

Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия арнайы өкілі Александр Лаврентев Қазақстанда болып өткен 11-ші Кепілгер елдер жиналысында баспасөзге мәлімдеме жасады.

«Террор ұйымы ДАИШ-пен күрес сылтауымен АҚШ пен халықаралық коалицияға қосылған елдердің сол аймақта әскери болмыс көрсетуін түсінбейміз» деген Лаврентев АҚШ-тың Сирияның солтүстік шығысында жалғасқан әскери болмыс пен YPG/PKK-ға жәрдемдеріне наразылық көрсетті.

Лаврентев «АҚШ 1,5 жыл бұрын ‘ДАИШ-ті жою үшін 6 айлық мерзім керек’ деп еді. Мұны бір жылға созды. Қазір ‘ДАИШ-ті жоймайынша шықпаймыз’ дейді. Сирия-Ирак шекарасындағы кішкентай бір аймақта мың не болмаса 1 мың 500 шақты террорист қалды. Осыны қазір YPG/PKK-ның 60 мыңға таяу террорист күшімен салыстыра аламыз. АҚШ Сирияда болмысын жалғастыру үшін осыдан пайдалануда» деді.



Ұқсас жаңалықтар