Жапония АҚШ-дан 100 дана F-35 соғыс ұшағы алуды жоспарлауда

Жапония бұрынғы F-15 соғыс ұшақтарының орнына 100 дана F-35 соғыс ұшағы сатып алуды жоспарлайды.

1095829
Жапония АҚШ-дан 100 дана F-35 соғыс ұшағы алуды жоспарлауда

«Nikkei Asian Review» газетінің хабарына қарағанда Жапонияның Қытайдың соңғы әскери технологиямен жабдықталуына жауап ретінде бұрынғы F-15 соғыс ұшақтарының орнына 100 дана F-35 соғыс ұшағы сатып алуды жоспарлағанын атап көрсетті.

Жапония үкіметінің желтоқсан айының ортасында Ұлттық Қорғаныс бағдарламасын қабылдап, F-35 соғыс ұшағын сатып алу шешімін бекітуі күтіледі.

Жапонияның 2019-2023 жылды қамтыған орта мерзімді қорғаныс бағдарламасы аясында қазір 42 F-35A соғыс ұшағы сатып алуға сұраныс жасағаны белгілі.

F-35A ұшақтарына қоса B сериалын қамтуы күтілген қосымша 100 соғыс ұшағы бір триллион жапон иенасы бюджетті қажетті қылады.

Жапония әуе күштерінің флотында 200-ге жуық F-15 ұшағы бар. Мамандар Қытайдың 2030 жылға дейін 250-ден астам соғыс ұшағымен флотын кеңейтуді жоспарлайды.

Жапония отандық өндірісі ретінде J-20 соғыс ұшақтарын қолдануда.



Ұқсас жаңалықтар