Ирактағы су тасқынында 16 адам қаза тапты

Иракта 2 күннен бері жауған нөсер жауын су тасқынына жол ашып, 16 адам қаза тапты.

1094445
Ирактағы су тасқынында 16 адам қаза тапты

Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдемешісі Сейф әл-Бедр жариялаған жазбаша мәлімдемеде Васит қаласына ықпал еткен нөсер жауынның салдарынан су тасқынында 6 адамның қаза тапқанын білдірді.

Ел көлемінде 2 күннен бері тоқтаусыз жауған жауынның салдарынан елдің көптеген аймағында су тасқындары болды. Су тасқынында қаза тапқандар саны 16-ға ұласты.

Денсаулық сақтау министрлігі алдында жасаған мәлімдемесінде Салахаддин қаласында 5, Зи-Кар аймағында 2, Басрада 1, Мейсанда 1 және Васит қаласында 1 адамның қаза тапқанын жариялаған болатын.

Нөсер жауынның бүгін де жалғасуы күтіледі. Ирак премьер-министрі Әділ Абдулмехди жасаған мәлімдемеде су тасқыны болған Салахаддин қаласына қарасты Шыргат ауданынан бастап, Мосулда да жаңалықтарды жақыннан қадағалайтындарын білдірді.

Абдулмехди аймаққа жедел түрде жәрдем жеткізілуі, шығындардың анықталуы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қайтадан нөсер жауын ықтималына қарсы төтенше жағдайлар тобы құрылғанын атап көрсеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар