Йемен министрі Түркияға алғыс айтты

Саиди еліне берген гуманитарлық жәрдеміне орай риза болғанын білдіріп, Түркияға алғыс айтты.

1005968
Йемен министрі Түркияға алғыс айтты

Йемен жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық министрі Мұхаммед Саид әш-Саиди Түркияның еліне берген гуманитарлық жәрдеміне орай риза болғанын білдіріп, Түркияға алғыс айтты.

Йемен ресми хабар агенттігі SABA-да орын алған хабарға қарағанда министр Саиди Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Түркияның Сана өкілетті және төтенше елшісі Левент Елермен кездесті.

Кездесуде Йеменнің қайтадан салынуы және соғыстан кейінгі кезеңге байланысты екі ел арасындағы қарым-қатынастар сынды тақырыптар қолға алынды.

Саиди Түркияның 3 жылдан бері жалғасқан соғыспен арпарысқан Йеменге үздіксіз қолдау көрсеткенін еске салды. Жәрдемдерге қатты риза болғанын білдірген Саиди Түркияға алғыс айтты.


Этикеттер: #Йемен , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар