Путин Нетаньяхумен кездесті

Кездесуде Жеңіс күніне орай фашизммен күрес және екі жақты қатынастар қолға алынды.

967760
Путин Нетаньяхумен кездесті

Ресей президенті Владимир Путин 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне қатысу мақсатымен еліне келген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесті.

Кремльдің жазбаша хабарламасына қарағанда,  кездесуде Жеңіс күніне орай фашизммен күрес және екі жақты қатынастар қолға алынды.

Владимир Путин: «Таяу Шығыстағы жағдай – өкінішке орай қайғылы,  тек талқылау емес,  жағдайды жұмсартуға бағытталған шешім табу үшін үмітім бар» деді.

Нетаньяху болса тарихтан алған сабақтарды еш ұмытпайтындарын айтты.

«Осындай жендет идеологиялар (фашистік Германия) ортаға шыққан кезде дер кезінде жауап беру керек» деді ол.

Путин мен Нетаньяхудың кездесуі артынан баспасөзге жабық өтті.



Ұқсас жаңалықтар