Орыс армиясы Сирияға шабуылға сүңгуір қайықты тоқтатты

«The Times» газеті орыс армиясының Сирияға шабуыл үшін жіберілген Ұлыбританияға тиесілі сүңгуір қайыққа кедергі жасағанын жазды.

954142
Орыс армиясы Сирияға шабуылға сүңгуір қайықты тоқтатты

Круз зымырандарымен Сирияны атқылауға бара жатқан Ұлыбритания теңіз күштерінің «Astute» атты сүңгуір қайығына Ресей теңіз күштеріне тиесілі бір сүңгуір қайық және орыс фрегатының кедергі жасағаны алға тартылды.

«The Times» газетінің әскери ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда Ұлыбританияға тиесілі «Astute» атты сүңгуір қайыққа өте дауыссыз жүзгені себепті «қара тесік» деп аталған орыс сүңгуір қайығы тарапынан кедергі жасалды.

Хабарға қарағанда Жерорта теңізінің шығысынан шабуылға дайындалған «Astute» сүңгуір қайығы кем дегенде бір не екі сүңгуір қайықпен кездесті.

Теңіздегі маневрлік әрекеттердің артынан Ұлыбританияның сүңгуір қайығы қыспаққа алынғаны себепті шабуыл үшін белгіленген аймаққа кіре алмады.

Хабарда орыс сүңгуір қайықтарының «қара тесік» деп аталған Палтус немесе Варшавянка атты сүңгуір қайықтар екені атап көрсетілді.

Аталмыш сүңгуір қайыққа кедергі жасаған орыс күштері құрамында екі орыс фрегаты мен бір сүңгуір қайық аулау ұшағы бар екені де алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар